Новости

2026 жылғы 10 сәуір күні «Білімді қалыптастыру: эпистемология, билік, сәйкестік» атты халықаралық, пәнаралық ғылыми-тәжірибелік» конференция өтеді

Құрметті әріптестер!

«Аспандау» қоры және Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, «Дизайн» кафедрасы «Білімді қалыптастыру: эпистемология, билік, сәйкестік» атты халықаралық, пәнаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты – қазіргі әлемде және Қазақстанда білімді генерациялау, валидациялау және легитимациялау үдерістерін айқындайтын әлеуметтік, саяси және мәдени механизмдерді сыни тұрғыдан талдау. Эпистемологиялық үлгілер, билік қатынастары және қалыптасатын идентичностардың өзара әрекеттесуі ұлттық ғылыми және әлеуметтік дискурстың ерекше өрісін құрайтыны қарастырылады.

Толығырақ сілтемеде
Статьи