Наши книги

Аспандау рекомендует

«Ақпараттық тұлғаны» қалыптастырудың жаңа жобасы жарияланды

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ


Қазақстанда постиндустриялдық «ақпараттық қоғам» қалыптастыру үшін ақпараттық технологияларды енгізу жеткіліксіз. Ол үшін қоғамда әлеуметтік үдерістерде жаңа құндылықтарға негізделген ақпараттық мәдениет қалыптасуы қажет.

Экономиканы цифрландыру жүйелі байланысқа, ақпаратты талдау мен жинақтауға рухани дайын «ақпараттық тұлғаны» қалыптастырмай жүзеге аспайтыны анық. Бірақ біздің бүгінгі қоғамда білім саласының алдында мұндай міндет қойылмаған әрі тәрбиелік мәні бар міндеттер жойылып барады. Алматыда Қазақстан Баспасөз клубында «Aspandau» ғылыми-білім беру қорының ұйымдастыруымен өткен ақпараттық қоғам ағартушыларының жиынында осындай келелі мәселелер қозғалды.  

Саясаттанушы, «Тәуекелдерді бағалау тобы» консалтингтік үкіметтік емес ұйымының директоры Досым Сәтпаев ауқымды немесе Қазақстан деңгейінде ақпараттық қоғам мәселелерін қозғағанда ақпараттық кеңістік бүгінде жаһанды бір бүтін кеңістікте тоғыстырып отырса, енді бір жағынан қоғамды діни, саяcи, этносаралық, т.б. жікке бөлді. Өзінің бір мақаласын «Жаңа орта ғасыр» деп көрсеттім деген сарапшы, қоғам технологиялардың жаңа бір формасына көшті дегенімізбен де бүгінде ғаламда орын алып жатқан түрлі қайшылықтар сол орта ғасыр кезеңіндегідей теке-тірестерге тап болып отыр. Екінші жағынан ақпараттық революция кезеңінде бір кездерде болмаған ауқымды білім кеңістігіне жол ашылса, енді бір жағынан надандықтың көріністері пайда болып барады, дейді.

«Aspandau» Ғылыми-білім беру қорының президенті, DBA Қанат Нұровтың айтуынша,  бүгінгі күні ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бүкіл адамдардың санасын жаһандық ақпараттық қауымдастық аясында біріктіруге зор мүмкіндіктер беріп отыр. Жаһанданудың осы трендтеріне сәйкес келе отырып, оның қоғамдық сана мен жеке тұлға бостандығын манипуляциялау түріндегі жағымсыз салдарынан қорғану мақсатында Қазақстан өзінің ұлттық мәдениетін жандандырып қана қоймай, оны ақпаратттық қоғамның жаңа құндылықтарымен сәйкестендіруі қажет. Сондықтан білім, ғылым, бизнес, өнер саласындағы табысты қайраткерлер, сондай-ақ, үкімет пен азаматтық қоғам өкілдері ақпараттық қоғам ағартушылары ретінде жаһанданудың кереғар ықпалдарына қарсы тұра алатын «ақпараттық тұлғаны» қалыптастыруға атсалысуға шақыра отырып,  Қанат Нұров  қор тарапынан жарық көрген Ақпараттық қоғам ағартушыларының Үндеуімен таныстырды.

Ал «Атамекен» ҰКП жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің Бағалау және рейтингтер комитетінің мүшесі Айгүл Тасболат,  кәсіпкер, қоғамдық қайраткері Ерлан Стамбеков Ақпараттық қоғам ағартушыларының Үндеухатында ашып көрсетілген мақсатты стратегияларға кеңінен тоқталды. Оның барысында  алдағы уақытта білім беру жүйесінде сыни тұрғыда ойлау қабілетін қалыптастыру үшін танымды, адамдарда жалпыға ортақ құндылықтардың зайырлы әрі шынайы жүйесін, әрбір адамның құқығын сақтаудың іргетасы ретінде еркін құқықтық сананы қалыптастыру бағытындағы,т.б.  қадамдарға қол жеткізу көзделген.

Публицист, кәсіпкер, қоғамдық қайраткер, DBA Дана Орманбаева бүгінде қоғамдағы тәрбие мәселесінің маңыздығына тоқталып, өмірлік тәжірибесінен біренеш мысалдар келтіріп өтті. Ал құқықтанушы, «Әділет» ЖҚМ аға оқытушысы, IUSTUS заңгерлік кеңес берушілер палатасы төрағасының бірінші орынбасары Арман Шайкенов «Кез келген мемлекеттік немесе халықаралық бағдарламаларды дайындап, жаңғырту жайлы кеңінен сөз қозғап, саяси сахнадағы тұлғаларды ауыстырып-өзгертіп, кез келген заңдарды қабылдауға болады, алайда егерде елде азаматтық қоғам болмаса, бұдан түк нәтиже шықпай, бос бір амалға айналары сөзсіз. Сондықтан біздің  Ата заңымызда айтылғандай, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы өз жауапкершілігімді түсіне отырып, мен осы жарқын ағартушылардың тобына үлкен мақтанышпен әрі үмітпен қосылып отырмын» деп атап өтті.

«Aspandau» ғылыми-білім беру қоры және оған ниеттес тұлғалар қоғамдық ағартушылардың Үндеухатына қосылған барлық бастамалар мен жобаларға белсенді түрде араласып, оларды өзінің бүкіл ұйымдық, ақпараттық және басқа да қорларымен қолдауға дайын екендігін білдірді. Мемлекет бар күшін салып отырғанына қарамастан, отандық білім мен ғылым саласындағы жағымсыз беталыстарға қоғамның көмегінсіз тойтарыс беру мүмкін емес. Азаматтық қоғамды осы саладағы мәселелерді шешуге кеңінен тарту арқылы қоғамдық түйкілдерді бірлесе шешуге болады.


egemen.kz


Читайте также:

Аспандау в СМИ

Статьи

Эксперты ТТА

Посмотреть на карте Алматы

Адрес: пр. Достык 136, 11 этаж

+7(727)327-10-05
+7(707)327-10-01