Новости

Жоғары білім ақылы болуы қажет

Источник: almaty.tv

Жоғары білім ақылы болуы қажет. Білім және ғылым жүйесін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылау барысында сарапшылар осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мамандардың пікірінше, гранттар тек әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға берілуі керек. Жаңа бағдарламаны талқылауға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзі қатысты. Сондай-ақ, саны көп сапасы жоқ жоғары оқу орындарына мемлекеттік қолдауды азайту керек дегенді алға тартты. Атап айтқанда, гранттарды бөлу кезде жоғары білім беретін мекеменің білім көрсеткіштеріне қарау қажет дейді. Жиында жатақхана мәселесі де айтылды.     
«Шеттен, яғни өзге өңірден келген студенттерге жатақхана беруіміз керек. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылар болуы мүмкін. Сондай-ақ, біздің тағы бір ұсынысымыз жатақханаға бөлінетін қаражатты студенттің өз қолына беру мәселесін қарастыру қажет. Мүмкін ол жатақханада тұрғысы келмейтін шығар», – деді "Аспандау" ғылыми білім беру қорының басшысы Қанат НҰРОВ.

Aspandau в СМИ