Кітапта автордың 2010-2018 жылдары жарық көрген тарихқа байланысты мақалалары жинақталған. Оқырман қауым қазақ халқының тарихы мен Қазақстан тарихы, ұлы тарихи тұлғалардың қызметі, қазақтар мен басқа халықтардың қарым-қатынасы туралы көп мағлұмат ала алады.
Қазақтар. Ата-баба жолы, Радик Темиргалиев
Жанры: тарих
Жылы: 2019
Қағазы: қатты
Тілі: орыс
Историю необходимо знать каждому, кому не безразлична своя страна, свой народ. Только знание прошлого дает нам смысл в сегодняшней и завтрашней борьбе за право быть единым народом, достойным гордого имени КАЗАХИ.
Кітап туралы
Aspandau Publishing
Радик Темірғалиевтың қазақ халқының тарихы саласындағы еңбектері оқырманның шынайы қызығушылығын тудырады. Баяндау стилімен, қызықты фактілермен, өзіндік интерпретациялармен автор төл тарихымызды жандандыра түседі, жай ғана аман қалу үшін ата-бабаларымыздың басынан қандай қиыншылықтардың өткенін, тұтастығын сақтап қана қоймай жеңісті көздегенін баяндап береді. Сонымен қатар, ол өткенді боямалауға тырыспайды, бұл – өкінішке орай, біздің көптеген тарихшыларымызға тән қасиет. Автор төл тарихымызда еске алу ауыр болатын, сонымен қатар, ұмытуға да болмайтын ақтаңдақтар туралы шындықты ашып айтады.
Автор туралы
1978 жылы туған. Қазіргі кезде Астана қаласында тұрады. Тарихшы, публицист. Мемлекеттің тарих Институты директорының орынбасары (Қазақстан Республикасы).

"Аспандау" ғылыми-білім беру басқармасының мүшесі.

Қазақ тарихы бойынша көптеген публицистикалық және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы. Бұрын жарыққа шыққан кітаптары: «Ақ Орда. Қазақ хандығының тарихы» (2009, 2012 жж.); «Соңғы батырлар дәуірі» (1680-1780); (2009 ж.).
Кітаптан цитата
Әрине, қазіргі қазақтар әрі кеткенде, XVIII ғасырда өмір сүрген ата-бабаларынан гөрі қытай немесе француздарға көбірек ұқсайды, бірақ төл тарихы оларға бәрібір маңызды. Біздің бәріміз де ген арқылы белгілі бір бейімділікке, ал тәрбие арқылы тамырлары ғасырлар мен мыңжылдықтардың тереңдігіне енетін мәдениетке ие болған өз ата-аналарымыздың балаларымыз.