Қазақтар.... Еуразия кеңістігінде баяғыдан орныққан бұл халықтың тарихы өз бойына көптеген құпиялар мен жұмбақтар жасырады. Әлі күнге дейін «қазақ» сөзі нені білдіретіні жайында һәм жүздерді үлкеннен төмендете бөлу туралы даулар толастамай келеді. «Қазақ» кітабының авторы Қанат Ильич Нұров үшін – бұл «еркін адамның» есімі, әртүрлі халықтардан шыққандар қауымдастығының мақтан тұтатын атауы. Автор қазақтар жөнінде олардың тарихы, әдет-ғұрыпы, мәдениеті мен тұрмысы туралы сирек және қызықты жазбаларды ұсынуда көпшілікке белгілі, алайда, әлі де пайымдай түсуге сұранып тұрған материалға сүйенеді. Бірте-бірте ол өзінің басты рухани құндылығы ретінде жеке еркіндікке таңдау жасаған халықтың портретін жасайды. Кітапта ерекше дәстүрлер тән болған дала еркіндігі мен Қазақстандағы болашақ азаматтық қоғамның даму мүмкіндіктері параллель берілген . Адам еркіндігі – әділеттілік негізі. Егер еркіндік әділдігі ежелгі моңғол және қазақстандық казактардың құдайы болғанда әрі шын мәнінде, риясыз мойындалса, неліктен еркіндік қазақстандықтардың құдайы бола алмайды?
Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер, Қанат Нұров
Жанры: тарих және публицистика
Жылы: 2011
Қағазы: қатты
Тілі: қазақ, орыс
«…только свобода делает человека человеком и является подлинным и единственным всеобщим благом, которое желаемо действительно для всех».
Кітап туралы
Aspandau Publishing
Қанат Нұровтың «Қазақстан: ұлттық идея және дәстүрлер» атты кітабының басты құндылығы – оның көшпенділік тарихына арналғандығында. Ол жай көшпенділік туралы емес, қазақ көшпенділігі жайындағы кітап. Егер көптеген тарихшылар үшін номадтардың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ болса, шын мәнінде, олардың бір-бірінен айырмашылығы француздарды қытайлардан ерекшелегендей айқын. Тіпті көршілес жоңғар, қазақ, қырғыз, «көшпенді өзбек» һәм түркімендердің қоғамдық және саяси құрылымы арасында да орта ғасырларда орасан зор құрдымдар болған.

Автор бұл тақырыпты өте жақсы аша білгенін мойындау керек. Тек сипаттаумен ғана шектелмей, дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымына қатысты көптеген өзіндік идеялар мен ойларын білдіреді. [ ... ] бұл пікірлер қазіргі уақытта оқшау әрі алабөтен болып көрінетінсе де, оларды ғылыми қауымдастық міндетті түрде мойындайтынына сенгім келеді.

Об авторе

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
Алматы менеджмент мектебі жанындағы Алматы Жас менеджерлер мектебінің директоры(АММ),
ҚР экономика министрлігі жанындағы кәсіпкерлікті қолдау қорының экономика жөнінде кеңесшісі,
Ауылшаруашылығы министрлігі жанындағы "Агро" Қазақстан фермерлер қауымдастығы Бас директорының орынбасары.

Қазақстандағы «Делойт & Туш» халықаралық аудиторлық компаниясының менеджмент жөніндегі аға кеңесшісі,
«Алтеба» МПТ қаржы директоры (Алматытелеком), «Қазақтелеком» АҚ Вице-президент-Бас қаржы директоры,
"Казкоммерцбанк"АҚ Басқарушы директоры.

ЖОБАЛАР
1. Қазақстанның дәстүрлі құрылымын құқықтық және экономикалық жаңғырту. – Алматы: Ғылым, 1995 ж. - 201 б.
2. 2. «Ақпараттық қоғамдастық – 2030» Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамыту саясаты. – Алматы: Vox populiI, 2010 ж., 207 б.
3. 3. ҚАЗАҚСТАН: ұлттық идея және дәстүр. – Алматы: Vox populi, 2011 ж., 460 б.

Кітаптан цитата
«Тарих ғылымында қазақтардың шығу тегі сол бойы «шешілмеген құпия» күйінде қалғанын бәрі біле бермес, сол сияқты, ешкім де, әсіресе көпшілік ортада «қазақ» этнонимінің өзіндік ерекше мәнін түсіне бермейді, дегенмен, оның ықпалы әрбір қазақтың түйсігінде және бүкіл Қазақстан халқының бейсанасында әлі де тірі екені рас».