Басқару болмыстың барлық деңгейлерінде – табиғатта, қоғамда, таным мен қызметтік іс-әрекетте кездеседі, ал оның мәні, заңдары, мүмкіндіктері қандай? Кітапта осы құбылысқа алғаш рет іргелі талдау жасалды. «Менеджменттің теориялық джунглиі» ақыры тазартылды, біздің көз алдымызда – жинақы ғылыми жүйе пайда болды, онда менеджмент – әлеуметтік басқарудың бір сатысы ретінде ғана көрініс береді. Басқарудың жалпы теориясы қазақстандық менеджмент мектебінің іргетасын қалап, отандық бизнес-білімнің әдіснамалық негізін жасап береді, басқарушыларды пәрменді ғылыми-практикалық құралмен қаруландырады.
Басқарудың жалпы теориясы, Қанат Нұров
Жанры: Іскерлік әдебиет, методология
Жылы: 2016
Қағазы: қатты
Тілі: орыс
«[…] написанная мной Общая теория управления является качественно новым уровнем развития теории управления».
Кітап жайында
Aspandau Publishing
Осы кітаптың авторы Қанат Ильич Нұров өте күрделі ғылыми проблема бойынша өзінің көпжылдық зерттеулерін көпшілікке түсінікті формада баяндайды. Басқарудың жалпы теориясы мен категориялық-тұжырымдамалық аппаратты дамыту арқылы менеджменттің «теориялық джунгли» жаһандық мәселесін шешу мәселесі басқару ғылымында баяғыда пісіп-жетілген болатын.
[ ... ] әлемдік тәжірибе мен басқару теориясы бойынша осындай алуан түрлі материалды теориялық тұрғыдан жалпылау әрекеті жанқиярлық ғылыми ізденістің батыл үлгісі болып табылады.
Автор туралы
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
Алматы менеджмент мектебі жанындағы Алматы Жас менеджерлер мектебінің директоры(АММ),
ҚР экономика министрлігі жанындағы кәсіпкерлікті қолдау қорының экономика жөнінде кеңесшісі,
Ауылшаруашылығы министрлігі жанындағы "Агро" Қазақстан фермерлер қауымдастығы Бас директорының орынбасары.

Қазақстандағы «Делойт & Туш» халықаралық аудиторлық компаниясының менеджмент жөніндегі аға кеңесшісі,
«Алтеба» МПТ қаржы директоры (Алматытелеком), «Қазақтелеком» АҚ Вице-президент-Бас қаржы директоры,
"Казкоммерцбанк"АҚ Басқарушы директоры.

ЖОБАЛАР
1. Қазақстанның дәстүрлі құрылымын құқықтық және экономикалық жаңғырту. – Алматы: Ғылым, 1995 ж. - 201 б.
2. 2. «Ақпараттық қоғамдастық – 2030» Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамыту саясаты. – Алматы: Vox populiI, 2010 ж., 207 б.
3. 3. ҚАЗАҚСТАН: ұлттық идея және дәстүр. – Алматы: Vox populi, 2011 ж., 460 б.

Кітаптан цитата:
«Бір сөзбен айтқанда, әлемге ұсынылған басқарудың жалпы теориясының ғылыми жаңалығы, оның шеңберінде басқарудың негізгі категориялары мен ұғымдарын оларды арнайы басқару ғылымының тілдік терминдерін жаңа сапада ғылыми айналымға енгізу үшін бөліп көрсету болып табылады».