«Неліктен дағдарыс?» брошюрасында автор қазіргі жаһандық әлеуметтік жүйе дағдарысының парадигматикалық, өркениеттік, доктриналық және жүйелік себептерін талдап береді, сонымен қатар, туындаған проблемалар мен қайшылықтарды шешу жолдарын ұсынады.
Неліктен дағдарыс? Сергей Грисюк
Жанры: Іскерлік әдебиет
Жылы: 2009
Қағазы: Жұмсақ
Тілі: Орыс
Золотой стандарт и золотомонетное обращение влекут за собой определённое увеличение издержек, связанное с функционированием денежной системы.
Кітап туралы
Aspandau Publishing
Қазіргі дағдарысты экономикалық дағдарыс ретінде анықтай отырып, сарапшылардың көпшілігі оны тек қаржы саласына жатқызады. Кейбіреулер оған несиелік-ақша дағдарысы деген анықтама берсе, тек жеке біреулері ғана – құрылымдық дағдарыс екенін айтады. Дегенмен, әлгі бір фильмнің кейіпкері: «егер бәрі осылай оңай болса, біз олардың бәрін баяғыда ұстап алар едік қой!», - дегендей, нақты жағдай әлдеқайда нашар және қауіптірек. Біз экономикалық құрамдас бөліктерге ғана емес, бұрын-соңды болмаған дағдарысқа куә болып отырмыз.
Автор туралы
Сергей Грисюктің айтуынша, соңғы уақытта экономикалық тұжырымдамалардан өзгеріс жиі байқалады. Сонымен қатар, алғашқы, шын мәніндегі, жаһандық дағдарыстың ауырлығына қарамастан, Қазақстан бүгінгі проблемаларды неғұрлым жауапты әрі жүйелі шешуге жақындап келе жатқан әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі екеніне ол аса сенімді.
Кітаптан цитата
«Қазіргі дағдарыс әлемдік олигархияның жауапсыздығы мен эгоизмінің салдарынан ғана туындап отырған жоқ. Оған біздің бәріміз жауаптымыз. Философиялық бағыттан жаңылу, әдіснамалық дәрменсіздік, мәдени шектеулер, экономикалық надандық, саяси немқұрайлылық – осының бәрі ұжымдық жауапсыздықтың себептері, демек, диалектикалық заңдарға сәйкес, болып жатқан жағдайлар үшін жалпының бәрінің жауапкершілігі бар».