Ғылым мен инновацияны қаржыландыруды, тіпті, бірнеше мәрте ұлғайту да, қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерте алмайды, Қазақстан ғылымының бүгінгі таңдағы басты проблемасы – бұл ғылыми кадрлардың, ғылым персоналының болмауында жатыр. Қолданбалы және іргелі ғылымды басқару мен қаржыландырудың жаппай, командалық-әкімшілік тәсілдері білім беру жүйесі арқылы қоғамда ғылыми орта құрмайынша, ғылым мен білім арасындағы алшақтықты жоймайынша, тиісті нәтиже бермек емес. Қоғамға ғылымды дамыту бойынша білім беру доктринасы қажет. «Аспанау» ҒББҚ «Ақпараттық қоғам – 2030» (ҒДС АҚ – 2030) ғылымды дамыту саясаты жобасын жасап шығарды. Бұл жоба білім беру арқылы қазақстандық ғылымның тиімді қалыптасу жолдарын ұсынумен қатар, жаһандық инновациялық үдеріспен байланысты мәселелерді шешеді және ғылыми орта құрумен, ғылыми кадрларды қаржыландырумен және дайындаумен айналысады. Аталған саясат 2013 жылы, 16 мамырда, Астана қаласындағы Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің қатысуымен қабылданды. Оның кейбір ұсыныстары ішінара ҚР БҒМ жұмысына қабылданды.
«Ақпараттық қоғам - 2030» Қазақстан Республикадағы ғылымды дамыту саясаты, Қанат Нұров
Жанры: білім беру әдебиеті
Жылы: 2013
Қағазы: жұмсақ
Тілі: орыс
«Истинная наука реалистична только по завершающему, последнему орудию своему, по мысли, но основной предпосылкой ее является чувство тайны, чувство любви, чувство преклонения, чувство восторга перед совершенством».
Кітап туралы
Aspandau Publishing
Қазіргі уақытта адамзат нанотехнология, робототехника және жасанды интеллект саласындағы алтыншы технологиялық құрылымның басталуына дайындалу үстінде. Бізден озып кетіп бара жатқан осы бір «инновациялық пойызға» үлгеру үшін бізді қандай проблемалар күтіп тұр екен? […]

Ғылым мен инновацияны қаржыландыруды, тіпті, бірнеше мәрте ұлғайту да қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерте алмайды, Қазақстан ғылымының бүгінгі таңдағы басты проблемасы – бұл ғылыми кадрлардың, ғылым персоналының болмауында жатыр. Қолданбалы және іргелі ғылымды басқару мен қаржыландырудың жаппай, командалық-әкімшілік тәсілдері білім беру жүйесі арқылы қоғамда ғылыми орта құрмайынша, ғылым мен білім арасындағы алшақтықты жоймайынша, тиісті нәтиже бермек емес. Қоғамға ғылымды дамыту бойынша білім беру доктринасы қажет.

Об авторе

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
Алматы менеджмент мектебі жанындағы Алматы Жас менеджерлер мектебінің директоры(АММ),
ҚР экономика министрлігі жанындағы кәсіпкерлікті қолдау қорының экономика жөнінде кеңесшісі,
Ауылшаруашылығы министрлігі жанындағы "Агро" Қазақстан фермерлер қауымдастығы Бас директорының орынбасары.

Қазақстандағы «Делойт & Туш» халықаралық аудиторлық компаниясының менеджмент жөніндегі аға кеңесшісі,
«Алтеба» МПТ қаржы директоры (Алматытелеком), «Қазақтелеком» АҚ Вице-президент-Бас қаржы директоры,
"Казкоммерцбанк"АҚ Басқарушы директоры.

ЖОБАЛАР
1. Қазақстанның дәстүрлі құрылымын құқықтық және экономикалық жаңғырту. – Алматы: Ғылым, 1995 ж. - 201 б.
2. 2. «Ақпараттық қоғамдастық – 2030» Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамыту саясаты. – Алматы: Vox populiI, 2010 ж., 207 б.
3. 3. ҚАЗАҚСТАН: ұлттық идея және дәстүр. – Алматы: Vox populi, 2011 ж., 460 б.

Кітаптан цитата
«Заманауи ғылым – қоғамға әсер етудің аса қуатты құралы болып табылады, өйткені, ғылыми теориялар мен олардың негізінде шығарылатын технологиялар әлеуметтік даму стратегияларының мақсатты кеңістігін белгілейді».