Бұл кітап ұлы ақын, қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы Мұхтар Шахановқа арналады. «Шала» сөзі қазақ тілінен орыс тіліне аударылғанда, «жартылай» деген мағына береді, тиісінше, «шала қазақ» мағынасы сөзбе-сөз аударғанда «жартылай қазақ» дегенді білдіреді. Шала қазақтар туралы кітап жазуды ойға алғанда, мен көпке дейін бір ішкі кедергіден арыла алмай жүрген едім, бір күні газеттен Мұхтар Шаханов туралы бір жазба көзіме түскенде барып, ол кедергі жойылды. Ол жазбада қазақ сөзін дұрыс түсіндірмегені үшін Мұхтар Шаханов біреуді қатты сынап, оны «шала қазақ» деп атаған екен. Меніңше, бұл ескерпе ерекше сезіммен – жай ғана, ешбір ашу-ыза, немесе кемсітусіз жасалған сияқты, тек жеңіл ғана өкініш, қапа бар. Осы бір сезімді өз бойымнан өткізіп барып, қалай болған күнде де осы кітапты жазып шығуға бел байладым. Бізге, өз еркінен тыс жартылай ана тілінен, төл мәдениеті мен туған жерінен ажырап қалған шала қазақтарға Мұхтар ағаның өзі бірінші болып көмек қолын созады деген үміттемін.
Шала қазақ, Жұмабай Жакупов
Жанры: Публицистика
Жылы: 2009
Қағазы: қатты
Тілі: Орыс
«[…] в настоящий период казахская социально-общественная пирамида представляет собой причудливый многослойный пирог, в котором шала қазақ и нағыз қазақ, заняв определенные сегменты, разделили сферы влияния. Почему такое разделение существует, чем оно может обернуться для будущего нашей страны и какие шаги нам нужно предпринимать?»
Кітап туралы
Aspandau Publishing
Сонымен, күн тәртібінде біздің әрі қарай қалай жылжитынымыз туралы мәселе тұр – қай жағалауға бағыт ұстау керек, бағдар ретінде қазақтар қандай шамшырақтарға таңдау жасағаны дұрыс? Алайда, тақырыпқа бой алдырып, мен барлық қазақтардың атынан сөйлей алмайтынымды түсінгендеймін. Мен –шалақазақпын. Мен сияқтылар миллиондап саналады. Сонымен қатар, бізді басқа қазақтардан бөліп тұратын біраз іргелі негіздер бар екені рас.
Кітаптан цитата
«Шалақазақтар өздерін қазақ сезінетініне еш күмән жоқ. Кез келген шала қазақтан сұраңызшы: ол орыс, американдық немесе түрік болғысы келе ме екен? Бұл сұраққа мақұлдау жауабын естімейтіндігіңіздің ықтималдылығы – жүз пайыз . Әлгі шалақазақ, мұның үстіне, ана тілінде бір ауыз сөз айта алмауы мүмкін, ұлттық мәдениетке айтарлықтай қызығушылық таныта да қоймас және өз халқының тарихын да жақсы біле қоймайды. Соған қарамастан, қазақ екендігі оның түйсік түкпіріне терең жасырынған, ал өзінің қазақтығын сезіну оның өз «меніне» толық сәйкес келеді. Осы феноменді түсіну арқылы мен қазақ өркениеттік кодын ұғыну тереңдігіне жақындағандаймын».