Психолог Эрих Фромм тамырыңның қайдан тарайтынын білуге деген құмарлық адамды жануардан ажырататын бес өмірлік қажеттіліктің бірі деп санады. Космополиттік әлемде өмір сүріп жатқан қазіргі заманғы интеллектуалды қазақ үшін өз тамырының қайдан тарайтынын білу тек шежіре мен төл тарихын білуді ғана емес, сонымен қатар, ата-бабаларымыздың: «Біз кімбіз? Біз қайдан келдік? Біздің жолымыздың мәні неде?» деген сұрақтарға өзі үшін берген жауабында да жатыр.

Бұл кітап дәл осындай оқырманға қызықты болады деп үміттенгім келеді.

Қазақтардың мәңгілік аспаны, Зира Наурзбаева
Жанры: iскерлік әдебиет
Жылы: 2018
Тілі: Орыс
«[…] до последних времен сохранился обычай клясться у больших камней или скал..

О книге

Aspandau Publishing
Психолог Эрих Фромм потребность в корнях считал одной из пяти жизненных потребностей человека, отличающих его от животного. Для современного интеллектуального, живущего в космополитичном мире казаха знание своих корней подразумевает не только знание своей родословной, своей истории, но и понимание того, как наши предки отвечали для себя на извечный вопрос «Кто мы? Откуда мы идем? В чем смысл нашего пути?» Хочется надеяться, что эта книга будет интересна именно такому читателю.
Автор жайында
Зира Наурызбаева – философия ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы «Қазақ мәдениетінің мифтік-ритуалды негіздері" (1995).
2004-2006 жылдары – ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Рух-Мирас» қазақстандық мәдениеттану альманахының бас редакторы.
Баспаға үш кітап дайындады: «Қазақтың мәңгілік аспаны», «Дәстүр және қазіргі заман» , «Бату мен оның достарының басынан өткендері: алтын тостағанды іздеу» балалар хикаят-фэнтезиі (Л.Калауспен бірігіп жазған).

Республикалық баспасөзде мәдениет, дін, философия, идеология мәселелері бойынша 300-ден астам еңбектері жарық көрген.

2006-2009 – С. Қондыбайдың 4 томдығын, «Атақазақ мифологиясы» және оның «Гиперборея: түс көру дәуірінің шежіресі» кітаптарын қазақ тілінен орыс тіліне аударды («СаГа» баспасы, Алматы, 2008, 2011, жалпы көлемі 160 б. т. астам).


Сценарист: Т.Әсемқұловтың «Көкбалақтың өлімі» киноповестінің желісімен «Оттан жаратылғандар» мультфильмінің сценарийі (Т. Мұқановамен бірігіп жазған, «Қазақфильм», 2011. Реж. Адай Әбілдинов). «Бату: алтын тостағанды іздеу» анимациялық сериалының сценарийі. «Қарсылас» толық метражды көркем фильмінің сценарийі.
Кітаптан цитата
Тас – Қорқыттың алғашқы мәні. Тас, жартас – мәңгілікті, мызғымас қаттылықты, ар-намысты бейнелейді (Т.Әсемқұлов). Түркілер жартас-тастарға, яғни, Қорқыттың тәніне ата-бабалардың құрметіне олардың ұлы істерін қашап қалдырған естеліктерді ғана емес, ру мен тайпа, халықтар арасындағы шарттарды да ойып жазып қалдырған. Үлкен тастарға немесе жартастарға ант беру әдеті соңғы кездерге дейін сақталды. Мұндай жағдайларда Қорқыт-Тас шартты немесе антты орындаудың кепілі ретінде қызмет етеді (Т.Әсемқұлов).